👈 қаріп өлшемі 👉

  21.08.2021
  217


Автор: Асаба (тамада)

Туысқан бір өліде, бір тіріде керек.

Екі ағайын бір күні бет көріспейтіндей ұрысып қалыпты. Екеуі өзара қатынаспай талай жыл жүреді. Бір күні той жасамақ болған ағасы інісіне адам жіберіпті. Ол адам інісіне:
- Сіздің ағаңыз оған келіп кешірім сұрасын деп жатыр – деп айтады.
Інісі ағасын түсінбей, одан бетер ашуланыпты.
Сонда әлгі адам әңгімені жалғастырады:
- Екі адам ұрсысып қалса, бірінші кешірім сұраған адам үлкен сауабқа ие болып пейішке барады екен. Ағаңыз сізді пейішке барсын деп, сізге қамқорлық жасап, жақсылық ойлағаны ғой – деп айтқан екен.
Осы әнгімеден кейін інісі көп ойланып, ағасынан кешірім сұрап, одан әрі тату-тәтті өмір сүріп кетіпті.

Ағайын! Кешірімді болайық!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы