21.08.2021
  613


Автор: Асаба (тамада)

Адамгершілік

Бір кісі баласына ылғи «Адам болмайсын сен! Адам бол!» - деп айтады екен. Баласына әкесінің сөзі құлағына жауыр болып кетіпті. Бір күні баласының шыдамы тауысылып, «Адам болайын!» -деп өз бетімен өмір сүруге әке үйінен кетеді. Алматыға барып, сауда-саттық жасап, базардан кішкентай орын алып саудадан байып бастайды. Уақыт келе бір бутикті екеу қылып, дүкендер ашып, қос-қос көлік алып барлық жағдайын түзеп алады. Бір күні байыған жігіт ауылына жанұясымен, джипп көлігін мініп, қыдырып келеді. Әкесін көріп, баласы оған:
- Әке! «Адам болмайсын! Адам болмайсын! – деп ылғи маған айтатың едің. Міне көрдін бе: Алматыда екі коттеджім бар, 3 пәтерім бар, 4 шетел автокөлігім бар, 500 мың долларым бар ....... -деп байлығын санай бастайды.
Сонда әкесі баласына былай жауап берген екен:
- Балам! Сен мені дұрыс түсінбепсің. Мен саған Алматыдан екі коттедж ала алмайсын дегенім жоқ, үш пәтер ала алмайсын дегенім жоқ, төрт машина ала алмайсын дегенім жоқ ....... Мен саған «Адам бол! Адамдық қасиеттке ие бол, қасыңдағылармен адамдық қарым-қатынас жаса! - деген едім. Сен мені дұрыс түсінбепсің..... –деп әкесі баласына қатты ренжіпті .
Адам болайық, ағайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу