21.08.2021
  509


Автор: Асаба (тамада)

Кезек дүние

Мұсылманда «Әке- шешеңнің қарызынан оларды Меккеге жаяу үш рет арқалап барсанда құтыла алмайсын» - деген сөз бар.
Ертеде бір жігіт әкесін Меккеге, ол заманда жаяу, әке қарызынан құтылам деп, ниеттеніп, арқасына салып шығыпты. Талай шақырым жүріп, жол азабын көріп, ыстық күндерді, суық түндерді кешіп, шөл, далаларды өтіп, бір таудағы құздын шетіне демалуға тоқтайды. Баласы әкесін құздың шетіндегі тастың үстіне отырғызады да, ойға батып кетеді.
Әкесі оған қарап тұрып:
- Балам! Сен нені ойлап тұрғанынды айтайын ба? – деп сұрайды.
- Ал, нені ойлап тұрмын, табынызшы ойымды?- дейді баласы.
- Сен осы таста отырған әкемді ары қарай құзға итере салсам, азабтан құтылып, үйге барғасын «Әкем жолда ауырып қалып өлді» деп айтамын деп ойланып тұрсын.

Баласы, әкесіне шошына қарап, одан сұрайды:
-Әке! Шынымды айтсам, сайтан түртіп, сондай ойға келгенім рас. Бірақтан қалай сіз менің ішімдегі ойымды біліп қойдыңыз? – депті.
- Балам! Мен де сен сияқты жас кезімде әке қарызынан құтылам деп, әкемді Меккеге жаяу арқалап барғанмын.
Мен де жолда қиналып, осы жерге жеткенде, әкемді осы тасқа демалуға отырғызғанда, мағанда дәл осындай ой келген, маған да әкем менің ойым туралы маған айтқан еді.
Баласы ойланып «Әкесіне келген күн – баласына да келеді екен» - деп, өзінің әкесін ары қарай Мекеге арқалап кетіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу