Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  125


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Гауһар тас (3-нұсқа)

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.

Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.

Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

Қайырмасы:
Беу, беу, Гауһар тас,
Раушан жүзіңді көргенде.
Сәулем-ау, ау-ай,
Сабырым қалмас, ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу