👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  47


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әпитөк (3 нұсқа)

Хат жазамын, сәулем, ай, сені ойлап,
Булықтырған жүректі толқын бойлап,
ой, Әпитөк.
Жазып, жазбау дертімді өз қолымда,
Тына алмайды ой билеп ерік қоймай,
ой, Әпитөк.

Қайырмасы:
Әпитөк, дыбыс жоқ, қалқатай,
Сөйлесуге тіл қат жоқ,
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ,
Ей, Әпитөк, бір дат жоқ,
Әк-ги-гай, Әпитөк.

Болдым құмар жасымнан, сәулем, саған,
Дидарласар күн туса есен-аман.
Сенсіз маған жалғанда қызық бар ма,
Жететұғын тілекке болса заман.

Қайырмасы:
Әпитөк, дыбыс жоқ, қалқатай,
Сөйлесуге тіл қат жоқ,
Бір өзіңдей бекзат жоқ.
Ең болмаса, сәулешім,
Ашып айтар бір дат жоқ,
Ей, Әпитөк, бір дат жоқ,
Әк-ги-гай, Әпитөк.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы