Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  104


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әйел күйі

Ауылым қу ағаштың қуағында,
Мизамның қой қырқамыз шуағында, ай.
Күніне тоғыз түрлі әнге салып,
Қос күрең болып өстім уағында, ай.

Белгілі атым шыққан Айданамын,
Қызы едім Күней атты Малғараның.
Өзіме қатар құрбым тең келген соң,
Өнерге бойға біткен таң қаламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу