Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  90


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алтын жай

Ақ түлкідей құлпырған ажарың-ай,
Салма менің жаманға назарымды-ай.

Қайырмасы:
Әрияй сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,
Сол қурайдың іші толған бозторғай.

Қыз кеткен соң ауылыңнан қызық кетер,
Жәрмеңкенің тараған базарындай.

Қайырмасы:
Әрияй, сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,
Сол қурайдың іші толған бозторғай.

Көркіңнен айналайын кекілдім-ай,
Киіктің кер лағы секілдім-ай.

Қайырмасы:
Әрияй, сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,
Сол қурайдың іші толған бозторғай.

Қор болып бір жаманға кеткеніңді,
Кешігіп есіткенде өкіндім-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу