👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  50


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақбозат (2­ нұсқа)

Ақбозатпен сен бе едің орағытқан, ау,
Ақ көйлекпен мен едім қозы ағытқан-ау.
Сен түскенде есіме, беу, құрбыжан, ау,
Көзім жасы-ау қойныма сорағытқан-ау.
Ақ көйлекті сен кидің қос етектеп,
Ақбозатты мен келдім бос жетектеп.
Жиырманың кешегі тентегінде,
Саған, айнам, мен жүрдім кім жетед деп.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы