Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  145


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақбидай

Барсаң сәлем айта бар асыл тасқа, Ақбидай,
Мақсатым көңілде жоқ сізден басқа, Ақбидай.

Қайырмасы:
Ғашық жар, сәулем-ай!

Он бесінде осы айдың біз барамыз, Ақбидай,
Ден сау болса, салдырап қиғаш қасқа, Ақбидай.

Қайырмасы:
Ғашық жар, сәулем-ай!

Мына беткей қай беткей, құба беткей, Ақбидай,
Ер жігітке мал қайда талап етпей, Ақбидай.

Қайырмасы:
Ғашық жар, сәулем-ай!

Менің, сірә, көңілім басылмайды, Ақбидай,
Кербезімнің тұсынан жанап өтпей, Ақбидай.

Қайырмасы:
Ғашық жар, сәулем-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу