Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  148


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ай-ау, қой-ау

Келмейді алтын шашың тарақтауға-ай, ау,
Көнбейді асау сұңқар, ау, балақтауға, қой-ау.
Дарияның ортасында сіз бәйтерек-ай, ау,
Мен келдім бұтағыңа, ау, қонақтауға қой-ау.
Жайлайды Кеңбақты елім қалың жиде,
Домбыра келмей отыр ыңқыл күйге.
Қымызды үйде, қызды үйде бір жәрмеңке,
Қыз кетсе, кім барады кепкен үйге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу