👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  55


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жарамазан

Пайғамбар айтып өткен жарамазан,
Оразаң қабыл болсын, байекежан!
Мінгені Пайғамбардың есек деген,
Қолында жұдырықтай кесек екен.
Осы үйде бір көкем бар Құдай сүйген,
Қайыры ол көкемнің жұртқа тиген.
Меккеде бір ағаш бар басы қара,
Құдайым ұғыл берсін қасы қара,
Жатасың бауырыңа басып қана.
Өтіпті бай Қарынбай малға тоймай,
Отыз күн оразаға бір мал соймай.
Меккеде бір ағаш бар басы күйген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Осында бір тәтем бар Құдай сүйген,
Қайыры ол тәтемнің жұртқа тиген.
Құртты беріп қуантпа,
Құр сөзіңмен жұбатпа.
Талқан берсең, алмаймын,
Төгіп-шашып обалына қалмаймын.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы