Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  227


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аги, қалқаш, Қазиза-ай

Дайым менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге өзге бала, аги-гай.
Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Арадағы айрылдық сөзге бола, аги-гай.

Қайырмасы:
Аги-аги-аги-гай,
Аги, қалқаш, Қазиза-ай.

Бір қамшым бар қолымда бұйра сапты-ай,
Сол қамшым бұйра сапты жұртта қапты, аги-гай.
Қыл өтпес арамыздан тату едік,
Қызыл тіл арадағы бұра сапты, аги-гай.

Қайырмасы:
Аги-аги-аги-гай,
Аги, қалқаш, Қазиза-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу