Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  332


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Марқұмның жетісіне дейін айтылған жоқтау-өлең үлгісі

Ай толғанда дөңгелек,
Алланың оғы зеңбірек.
Балалары болса жас еді,
Біразырақ қозғайын,
Сөге де көрме, төңірек.
Әуеде торғай шырлайды,
Балапанын қорғайды.
Жесір қалған мен сорлы,
Кешегі кеткен ерімді,
Жоқтамасам болмайды.
Әуелеп ұшқан қоңыр қаз,
Қайырылып қонар көліне.
Келе ме деген дәмем бар
Едігедей ерімді
Туып өскен еліне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу