👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  30


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Есенәлінің Исмайылдың баласына айтқан көңілі

Ай, Ысмайыл мырза!
Күншілік жерден көрінген,
Дарақ едің таудағы.
Барша халыққа паналы.
Бас бұтағы екі алма,
Біреуі жерге түсіпті,
Тікенсіз ажал шамалы.
Ахыретте қауышар,
Балаңның раушан жамалы.
Қызметіне кетті атаның,
О да қылған құдайға
Берді, төртеуін өзің алып,
Біреуін халыққа бердің.
Өзің алған төрт ұлың аман,
Халыққа берген ұлыңды құдай алды,
Елің жетім қалды.
Жесір қалған елге сіз көңіл айтар,
Біз елге қайырын берсін айтармыз,— деп келіп едік, бізге айтқан көңіліңіз жоқ, я амандығың жоқ болған соң, не айтарымды білмей дағдарып отырғаным ғой»,— депті. Сонда Саққұлақ:

— Әй, сақауым-ай, ерді оң тастай ма, не сол тастай ма деп жатыр едім, жарайды оңға тастадың, ендеше көңілді мен айтайын,— депті.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы