Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  223


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Асылым

Толқын ойнап,көлдің беті желдетті,
Көктем келді,нөсерлетті, сөлдетті.
Көрдім дағы найзайдың жасылын,
Сені ойладым жарқылдаған асылым.

Жаз да шықты, жердің жүзін жайнатты,
Тау-тоғай да бұлбұлдарын сайратты.
Зорға басып жүрегімнің тасуын,
Сені ойладым келеді деп асылым.

Құстар қайтып алыс-алыс жақтарға,
Гүлдер солып қырау түсті бақтарға.
Сары күзде сарғайдым да жасыдым,
Сені ойладым аңқылдаған асылым.

Бәрі де өтті қыс та қайта оралды,
Дала мүлгіп, ақ көрпеге оранды.
Ғашықтарға сыр болммайды жасырын,
Мен сендікпін,біл осыны,асылым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу