👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  47


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шолпаным

Шолпаным, қоштаса алмай мен кетіп ем,
Жүректе жақсы үмітті тербетіп ең.
Бірге ойнап, бала болып жүре бермей,
Дариға-ай, неге бекер ер жетіп ем.

Қайырмасы:

Шолпаным, шалғайда
Мені еске алғай да.
Жақсы сөз, жан сырын
Айтса екен ол қайта

Хат болып әдемі,
Келсе екен сәлемі.
Тек сонда, тек сонда,
Дертімнің бар емі.

Жарқ етті жарық жұлдыз тағы да алда,
Жоғалған махаббатым табылар ма.
Сағындым дидарыңды, даусыңды,
Үн қатшы осы әнімді қабыл ал да.

Қайырмасы:


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы