Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  229


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Уа, жеңгелер, жеңгелер

Мінезім бар кей уақыт құдай атқан,
Борндатқан, бұрқаған, дауылдатқан.
Сол мінезім жақпай ма құрбыларға,
Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.

Қайырмасы:

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер?

Көріп жүрмін мінезден көрерімді,
Қыздар менің білмейді-ау өнерімді.
Қыздар менің білмейді-ау ерегіссем
Төрт бөлмелі үй салып берерімді.

Қайырмасы:

Шыдасам да махаббат азабына,
Мен көнбеймін қыздардың мазағына.
Тыңдап жүріп үйленем бір сұлуға,
Мінезі сай ақыл мен ажарына.

Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу