Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  139


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жігіт сыры

Уәделескен жерге келсе, айнала
Жым-жырт, тыныш.Көкте жүзген ай ғана...
Жігіт састы, жігіт қатты мұңайды,
Айналасы боп көрінді айдала.

Жүрек тулап, ол орнында әлі тұр,
'Не істеу керек,ұйқы келмес бәрібір.
Не болса да қақсам ба екен әйнегін,
Кесе қайтем, - енді менен әрі жүр'.

Жігіт налып, беттеп еді үйге енді,
Қарсы алдынан шыға келді сүйгені,
Қабағында ізі де жоқ реніштің,
'Кеш келдін ғой рұқсат, тағы сүй', - деді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу