👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  48


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Дариға, сол қыз

Өңімде ме еді, түсімде ме еді,
Көріп ем ғой бір армандай қызды.
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.
Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,
Тулады толқын, шайқылды шың-құз..
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!

Оқ тиді келіп, қайратым кеміп,
Барамын сөніп, келмейді өлгім!
Тұрғандай сол қыз жаныма келіп,
Талпына берді қайран жас көңілім!
Барамын сөніп, барамын сөніп
Жұтар ма мені мына сұм соғыс?
Арманым бар ма, өлсем бір көріп,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
Келмейді өлгім, келмейді өлгім,
Қайратым қайда, келші осындайда,
Дедім де тұрдым, жүгіре бердім,
Қолымда найза, шағылып айға...
Жеңдікқой жауды, арманым не, құрбым,
Күркіреп күндей өтті ғой соғыс.
Таба алмай жүрмін, айқайлап ән сап,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы