Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  206


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ертіс вальсі

Тамылжыған, мүлгіген айлы түнде,
Қызықтаймыз көктемнің суретіне.
Біз келеміз, Ертісте тербелеміз,
Көлеңкеміз түседі су бетіне.

Қайырмасы:
Қасымдасын арманым,
Алтын сәуле жан-жағым.
Жырға толы жүрегім
Тыңда жан-жарым!..
Көгілдір көктем - көңілім менің,
Өзіңсің сәулем,өзің сәулем,-
Өмірім менің.

Өзің, сәулем, аңсарым шөлдегенде,
Көңіл құсы сайрайды сен дегенде.
Әзіліңе бір сенің, жаз үніңе,
Дүниенің бар көркін теңгерем бе.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу