Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  130


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақмарал сұлу еркем

Кеткенде сенен алыс жерге шалғай,
Жүрермін сені қалай есіме алмай.
Өзімнің тыңдап тапқан бақытымсың,
Бейнең тұр көз алдымда атқан таңдай.

Қайырмасы:
Ақ жүзің айдай еркем,
Арманым сені көрсем.
Алыстан аңсап келемін,
Ақмарал сұлу еркем.

Жылы жан көрдім талай тұрған тартып,
Бірақта барлығынан сенсің артық.
Жүректің қуанышын жасыра алмай,
Атыңды әнге қосып жүрмін айтып.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу