Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  134


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақ мақта

Жан едім көп сенімін,серт ақтаған,
Сый алып келіп тұрмын ақ мақтадан.
Менде бір ауылымның жұлдызымын,
Сүйсіне өнеріме ел мақтаған.

Қайырмасы:
Еңбегіңнен ер боп ақта,
Еліміздің үмітін.
Алтын мақта біздің жақта,
Кел ауылға, жігітім!

Құрбыжан,қарай берме көп қадалып,
Әзіл сөз сен жөнінде жүр таралып.
Алыстан сығаламай ауылға кел,
Теруге ақ мақтаны бір баралық.

Қайырмасы.

Елімнің көңіліндей кең даламыз,
Кел біздің ауылымызға қарсы аламыз.
Толқыған ақ алтынның ортасында,
Шырқатып мақта деген ән саламыз.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу