Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  150


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Мөртай сұлу

Сенің ауылың Қордайдың жотасында,
Менің ауылым Қопаның қырқасында, Мөртай-ай!
Тал бойыңда тарыдай бір мнің жоқ,
Тоты құстай түрленіп тұрсың ба,Мөртай-ай!

Қайырмасы:
Қызылқайнар, Шөлқайың,
Су ағады сай сайын.
Сен сағынсаң ай сайын,
Мен сағынам күн сайын.

Сенің ауылың Қордайдың кезеңінде,
Менің ауылым Жартастың өзеңінде, Мөртай-ай.
Сен есіме түскенде, Мөртай сұлу,
Өшпейтұғын жалын бар өзегімде, Мөртай-ай!

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу