Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  155


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жадау көк

Қайыңдыдан ән салдым құлап тұрып, құлап тұрып,
Алтын шарқат ойнаттық лақтырып, лақтырып.

Қайырмасы:
Жадау көк,
Қайтейін, Бөбек, амал жоқ.

Қош бол, серім, дегенің естен кетпес, естен кетпес,
Кербестіге сүйеніп жылап тұрып, жылап тұрып.

Қайырмасы.

Жоғарыдан келемін керге мініп, керге мініп,
Алтын тоға, ақ басты ерге мініп, ерге мініп.

Қайырмасы.

Ақбөбектен, шіркін-ай, тірі айырылдым, тірі айырылдым,
Одан жақсы ед қалғаным жерге кіріп, жерге кіріп.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу