Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  180


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шолпан

Таң алдында Шолпан туса,
Тартқан сымдай бөлін буса.
Неше түрлі ән шырқайды,
Сол сипатта әнші Мұса.

Қайдан келдің былқ-сылқ етіп,
Гауһар тастай жарқ-жұрқ етіп.
Шыққан күндей жарқырайсың,
Сөйлесуге көңіл етіп.

Осы хатты Мұса жазған,
Ән табылар өнерпаздан.
Құрбысымен тату жүріп,
Шағымшының тіліне азған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу