👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  40


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шәмшіқамар

Шәмшіқамар секілді дәп-дәл Бану,
Кісі қайда көңілді сіздей тану.
Ғашықтықтың бұ дағы нышанасы,
Айтқан сөзің құрбыға жетпей қалу.

Қайырмасы:
О, шіркін!
Сен дағы Бағдатта Шәмшиядай,
Балқыды, шіркін, көңіл дауаламай-ай!

Жиын-тойдан қалмаушы ек өтпейді деп,
Айтқан сәлем сәулеге жетпейді деп.
Сабыр сақтап отырмыз біраз ғана,
Жиылған көп ешқайда кетпейді деп.

Қайырмасы.

Әннің түрі келмейді кең шырқамай,
Көңіл, шіркін, келмейді қаршыға алмай.
Бұл көңілім басылар жанған өрттей,
Уағдалы тез келсе сүйген қалқа-ай.

Қайырмасы.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы