Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  153


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Райхан гүл

Ақ көйлек,қызыл қамзол, лағыл маңдай,
Аузың бал, тілің шекер,нәзік таңдай.
Халіңнің қасіретінен берші хабар,
Жолыңа сарп етейін жиған малды-ай.

Қайырмасы:
Ахау,құрбым,қыз - қызыл гүл,
Лағылша жазғы таңғы райхан гүл!

Сүмбіл шаш, пісте мұрын,лағыл иек,
Шынардай он саусағың құлжа сүйек.
Осындай ғашық жардан айырылған соң,
Жалын боп жарым үшін жүрмін жүдеп.

Қайырмасы:
Ахау,құрдас, сіз бір мұңдас,
Жерлерге көк майсасыз бір күн қонбас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу