Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  160


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақтоқтының аужары

Қорқамын шымылдықтың құруынан,
Бір жаман қолын сұғып тұруынан.
Жалғанда қыздан сорлы жан бар ма екен,
Айырылып кете барар руынан.

Қоскөлді жылқы салып қиялаймын,
Қолымда көк қаршыға,биялайым.
Атамыз атасынан кем болып па,
Несіне айтар сөзді ұялайын.

Қоскөлдің шөп шабушы ем қияғынан,
Қорқамын бір жаманның сияғынан,
Жұртыма мен риза болар едім,
Құтқарса сол жаманның тұяғынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу