Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  151


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бұрылтай

Таңбасы жоқ, ені жоқ бұрылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға шоқытып шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.

Қайырмасы:
Ахау,бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қош-есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай.
Ахау, айдай,
Жарым, айдай.
Достың көңілін қалдырма,
Қыз қалқатай.

Қамшы бастым асыға бұрылтайға,
Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?
Жұрт жаңғырып,орнынан бір күн түнде,
Қалқатайдың ауылы кетті қайда?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу