Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  446


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ыңғай-ау

Көлдерде көк ала үйрек,қаз арылмай,
Ақ жүзің айдын көлін ажарындай.
Үйіңнен күндіз-түні ат кетпейді,
Секілді Орынбордың базарындай.

Ауылдан мен шыққанда бесін еді,
Ақ сұр ат алма мойын кісінеді.
Есіме сен түскенде,беу, қарағым,
Белбеуім белімдегі шешіледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу