Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  162


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Өтесің, қайран заман-ай

Дегенде ырғи-қырғи,ырғи-қырғи,
Қанаты құйрығынан ұзын қырғи.
Барынды оралыңның ойна да күл,
Барады өтіп заман сырғи-сырғи,
Өтесің, қайран заман-ай!

Базардан алып келген алтын сақа,
Күлмесем,ойнамасам ішім қапа.
Барында оралыңның ойна да күл,
Барады жастық өтіп апа-сапа,
Өтесің, қайран заман-ай!

Дегенде үкі деймін,үкі деймін,
Басыңда үкі болып үлпілдеймін.
кеткенде ауылың шалғай, қимас қалқам,
Құшақтап қос жастықты үһілеймін,
Өтесің, қайран заман-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу