Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  249


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Он алты қыз

Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немножка.
Не стоит на свете жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка.

[Қайырмасы]
Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Бәтима-ай.

Әшекей қыз Айжан-ай,бәлекей қыз Балжан-ай,
Шашбаулы қыз Сәлима-ай, еркелеген Таиса-ай,
Толықсыған Маруся-ай,тыңдаушы еді-ау Сәулем-ай,
Қайда кетті Раиса-ай, я люблю аяй, Рая-ай!

Қарағым, айналайын черный көзім,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Второй, третий сорттар толып жатыр,
Первый сорт қайдан тудың сенің өзің?!

[Қайырмасы]




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу