Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  206


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Маусымжан

Біреу күлсе жалғанда Маусым күлсін,
Күн нұрындай күлімдеп Маусым жүрсін.

[Қайырмасы]
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.

Еркетайы ауылымның - маусым алтын,
Тең құрбысы сағынып айтып жүрсін.

[Қайырмасы]

Ауылың, қалқаш, алыстан бұлдырайды,
Қоңыраудай дауысың сылдырайды.

[Қайырмасы]

Сен есіме түскенде, ей, қарағым,
Іші-бауырым жібектей ылбырайды.

[Қайырмасы]




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу