Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  313


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Елік-ай

Кел деп едің, Елік-ай,келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп түһұрмын.
Сертте тұрсаң мен сендік жаным құрбан,
Сырым осы сертімді беріп тұрмын.

Айналайын қарағым қарақасым,
Қара мақпал жібектей қара шашың.
Баласындай еліктің егілемін,
Сені ойласам мөлдіреп көзден жасым.

Елік -ай деп атыңды қойдым таңдап,
Әнге қостым атыңды әдейі арнап.
Еркін таудың еркесі елік болсаң,
Мен де өзіңдей жалғызбын ерке саңлақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу