Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  183


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бір бидай-арпа

Ұшады аққу көлден байпандаған,
Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған.
Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай,
Көзіңнен айналайын жаутандаған.

Бір бидай-арпа,
Өзің біл қалқа.

Ұшады көк ала үйрек көлге қарсы,
Ұясы жануардың желге қарсы.
Кеткенде аулың шалғай, тату қалқам,
Төгілер орамалға көздің жасы.

Бір бидай - әнім,
Жоқ сенсіз - сәнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу