Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  170


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бипыл

Асар кер жүрмейді шалдыққанда
Еркін даусым келмейді қарлыққанда.

Қайырмысы:
Ахау, тәнім-ай,
Талма, менің жаным-ай,
Ей, күлди-күлди, жаным-ай,
Күнде қызық үйім-ай.
Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай,
Тартшы, құрбым, бір күй-ай.

Сүйген жарды көре алмай армандадым,
Сағынамын,сарғыйып зарыққанда.

Қайырмасы.

Асау кер ат бойында мін болар ма?
Сұлу қызға тағатын сын болар ма?

Қайырмасы.

Жатсам-тұрсам ойлайтын есіл дертім,
Сүйген жарды көретін күн болар ма?!

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу