Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  204


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Бейнем-ау

Атырау біздің елдің тиянағы,
Дауысыңды ети алмадым қиядағы.
Болғанда сен ақ сұңқар қиядағы,
Талпынған мен балапан ұядағы.

Оу, Бейнем-ау!

Тойсойған құлазида ел кеткен соң,
Тартады шөбі қуаң жер кепкен соң.
Қызды үйге, қызымды үйге әркім әуес,
Кім келер кепкен үйге қыз кеткен соң.

Оу, Бейнем-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу