Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  156


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Япырмай

Айдап келдім-ой, жылқымды бие бауға, ахау,
Оралады-ой, ақшабақ жібек бауға.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Жалғыз тұрған-ой жапанда сен бәйтерек, ахау,
Бұтағыңа-ой мен келдім ұялауға.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Күміс ерді-ой көтеріп атқа салдым, ахау,
Атадым да-ой атыңды хатқа салдым.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.

Жас жүректің-ой обалы бір өзіңде, ахау,
Шыбын жанды-ой сен үшін отқа салдым.

Жаным-ай,
Арнап салған әнім-ай,
Япырмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу