Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  172


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Сұлу қыздың сыны

Баға жетпес жақсыға бір гауһар тас-ей,
Он алты, он жетіге келгенде жас, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Пісіп тұрған жанаттың алмасында-ей,
Алма мойын, ай жүзді, қиылған қас, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Бір сұлу бар жаһанда шынарланған-ей,
Жанның бәрі сол қызға құмарланған, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.

Сол сұлудың сипаты тілден келмес-ей,
Әсем тағып мойнына тұмарланған, күнім-ау.

Күнде базар елім-ай,
Шаттық көңіл жерім-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу