Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  187


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Құрбым-ай

Сен ар жақта, қалқатай, мен бер жақта, құрбым-ай.
Кер арғымақ шұлғиды, құрбым-ай, баушарбақта, құрбым-ай.

Құнан атан қолымда, сүйіншім бар, құрбым-ай.
Қалқатайдың аулы, құрбым-ай, дәл қай жақта, құрбым-ай.

Бір бәйтерек жаһанда, егіледі, құрбым-ай,
Жапырағы жел соқса, құрбым-ай, төгіледі, құрбым-ай.

Аулың алыс кеткенде, беу қалқатай, құрбым-ай,
Сынбаса да қабырғам, құрбым-ай, сөгіледі, құрбым-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу