Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  190


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Көкем-ай

Шынында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар.

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар.

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.

Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай!

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,
Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай.

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу