Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  302


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жас дәурен

Мен шықтым кешке қарай самалдарға,
Сөз айтпа қадыр білмес жамандарға.
Жас күнде арыстандай айбарлы едім,
Қартайып жас жеткен соң, амал бар ма.

Ах-ау, күндерім-ай,
Жас дәурен, өтеріңді білмедім-ай.

Жас дәурен, мені қайда бастамадың,
Кей уақыт ерік бермей баспаладың.
Отырмын қартайған соң нардай шөгіп,
Басымнан өткеннен соң жастық шағым.

Ах-ау, күндерім-ай,
Жас дәурен, өтеріңді білмедім-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу