👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  33


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жан қалқатай

Дәйім менің мінгенім көгілдірік, көгілдірік,
Көк дөненге жарасар өмілдірік-ай.
Жерің шалғай кеткенде құрбыластар, құрбыластар,
Осы әніме сала жүр төгілдіріп-ай.

Аққұйрық шай, бозжорға тай,
Есен-аман жүрмісің, жан қалқатай-ай.

Дәйім менің мінгенім құла қасқа, құла қасқа,
Таудан соқпақ салдырдым құламасқа-ай.
Аулың алыс кеткенде құрбыластар, құрбыластар,
Бет орамал беріп кет жыламасқа-ай.

Ақау десек,
Мамық төсек,
Бара берсек аулыңа
Болады өсек-ай.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы