Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  150


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Дариға

Дариға-ай, сылаң қағып, бұраңдайсың,
Дүние өтер десем тіл алмайсың,
Дариға-ай.
Алтайы құмнан қашқан түлкідейін,
Қалқатай қолға түспей бұлаңдайсың,
Дариға-ай.

[Қайырмасы]
Дариға-ай, қалқам, жанарым,
Сені іздеп қайдан табамын.
Жанымда жақын жүрмесең,
От болып лаулап жанармын,
Дариға-ай.

Нұрысың сен дүниенің, алып тұрған,
Күйігің сенің мені зарықтырған,
Дариға-ай.
Қалқам-ау, сезбедің ғой сенің үшін,
Кеудемде жалын барын жанып тұрған,
Дариға-ай.

[Қайырмасы]
Дариға-ай, қалқам, жанарым,
Сені іздеп қайдан табамын.
Жанымда жақын жүрмесең,
От боп лаулап жанармын,
Дариға-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу