18.08.2021
  400


Автор: Асаба (тамада)

Қоңыр ат (болған жағдай)

Шымкентте ерте заманнан дулат пен қоңырат деген елдер қоныстасып тұрады. Олар бір біріне қыртып сөйлеп, әзіл - шынын араластырып тиісіп жүреді. Дулаттар қоңыраттарды билік басына жолатпайды деген бір ұғым қоңыраттарда қалыптасқан.
Шымкенттің қақ ортасында дулат елінен шыққан Қапал батырға арнап, батырдың атқа мінген бейнесін көрсететін қоңыр мыстан жасалған үлкен ескерткіш ашылу салтанаты жүріп жатқан көрінеді. Жұрттар сөз сөйлеп, ел қорғаған ата бабаларды еске алу үстінде.
Ескерткіш ашылу салтанатына келген бір қоңыраттың жігіті
дулат досына:
- Осы Қапал батырдың бір өзі бұл жерді жаудан қорғаған жоқ шығар, Қапалдың ескерткішінің қасына бір қоңыратты қоймадыңдар ма?- депті.
- Мұқият қара: Капал батырдың астындағы қоңыр атты көрдің бе? Қойдық қой енді, өпкелеме- деген екен дулат жігіті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу