18.08.2021
  487


Автор: Асаба (тамада)

Бөле жару

Туып алмай ұл болмас
Сатып алмай құл болмас

Қазақ пен қалмақ соғысып жатқан заман. Қазақтар қалмақ ауылын жаулап алады: өлген жау өліп, өлмегені тым-тырақай қашып кетеді. Қазақтар бір кішкентай қалмақ баласын ауылда тауып алыды да жаудың баласын асырап алуға шешім қабылдайды. Асырап алған үйдің балдарымен үзеңгілес болып, бәрі оны қалмақ екенін білсе де, сол жанұяның балдарының біреуі болып ауылда ер жетеді.
Бір күні қалмақ бала ауылдың бір көршілес жігітімен ұрысып қалып, аяғы төбелеске дейін барады. Қазақтың баласы:
- Атаңанәлет калмақ! Мен сенін атаңнын басын көзіне көрсетемін. Сендей қалмақтың талайын қырғанмын ........ – деп әлгі қалмақпен төбелесіп жатыр дейді.
Ауылдың қариялары оған:
- Сенде қайдағыны бір еске түсіресің. Бүл бала өзіміздің баламыз. Ұят болады олай айтқаның. Қол алысып, достасындар – деп, екеуін татуластырайын деп, айтып жатыр дейді.
Қазақтың жігіті қолын кешірімге созып:
- Жоқ, әлбетте, ол өзіміз ғой. Бірақ, атаңанәлеттің соққысы мұсылманның соққысына ұқсамайды екен-депті.

Естерінізге салайық: қалмақтар буддистер болып келеді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу