18.08.2021
  670


Автор: Асаба (тамада)

Сыпайылық

Бір қазақ досының үиіне қыдырып барыпты. Досы жаны қалмай мал сойып, қонақ асын беріп, жұмысының бәрін тастап, қонағының жағдайын жасап үш күн жүреді. Төртінші күні қонақ атқа мініп, қайтайын деп жатқан жерде үйдін қожайыны сыпайы түрде: «Неге асықтың, тағы да қонбадың ба?-дейді ол досына. Досы бет жоқ аттан түсіп: «Қал десең қалайын» - деп тағы да үш күн қонақ болып жатып алады. Қожайын тағы да бір қой сойып, тірлігінің бәрін тастап қонақты күтеді. Үш күннен сон қонағы атқа мініп, қайыр-қош айтып кетейін деп жатқанда, үйдін қожайыны, аузынан қалай: «Асықтың ғой, тағы да қонақ болмадың ба?»- деген сөз шығып кеткенін байқамай қалапты. Досы «Қон десен кетіп қалғаным ұят болар-деп, аттан түсіп - Аттын жібін қай жерге байлайын- депті.
Күйіп кеткен қожайын:
- Тіліме байла, тіліме- депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу