18.08.2021
  475


Автор: Асаба (тамада)

Ақшаның буы туралы

Бір күні бай баласы екуі ақша санап отыр екен. Сол сәтте олар отырған бөлмеге байдын жалшысы кіріп келеді. Бай баласымен ақшанын бәрін тез арада жинап, төселіп жатқан көрпенін астына тыға қояды. Кедей көрпенін шетіне отырып, өз өтінішін айтуға дайындалуда.
- Ия, не шаруамен келдін? Айтабер-депті бай.
- Мен сіздін кызыныздын қолын сұрауға келдім. Өған үйлемсем ба деген ойым бар- депті кедей.
Байдын баласы қамшысын алып кедейге ала жүгіріп, ұруға ұмтылыпты.
- Эй! Мынау жаланаяқ не оттап отыр? Сен біздін тенімізсін бе? Ит терінді кәзір басына қаптайын ме сенін –деп кедейге доқ корсетіпті ол.
Сонда бай баласын сабырлыққа шақырып, кедейге былай депті: -«Орныннан тұрып, үш қадам артқа шегініп, өтінішінді қайтадан қайтала»
Кедей орнынан түрып, бай бұйырған үш қадамға шегініп, өтінішін қайталаған екен:
- Тақсыр! Үйге қонақтар келіп қалып еді. Етіміз жоқ асатын. Бір кішілеу қойынызды қарызға бере тұрсаныз, кейін малынызды бағып, құтыламын ғой- депті ол.
Бай кедейге бір қой алуға рұқсат бергесін, ол үйіне кетеді. Сонда бай кедейдін бірінші өтінішін неліктен ондай болғанын баласына түсіндіріпті.
- Кедей, астында ақша жатқан көрпенін үстіне, отырды. Кедейге ақшанын буы ұрды, сондықтан онын айтам деген сөзі айнып кеттті. Үш қадам шегінген ол, өз қалпына келді- деп түсіндіріпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу