18.08.2021
  427


Автор: Асаба (тамада)

Брат және бір ат туралы

Бір адам ауылдағы таныс асабасынынын өнеріне тәнті болып, баласын үйлендірсе оны сол үйлену тойында асаба болдыруға ниеті бар екен. Ол асабаға әрдайым: «Мен баламды үйлендірсем тамада боласын, бір атынды ұмытып кетпе!»- деп айтады екен. Асаба оған болашақ тойға бір ат атап жатқан шығар: «Құдай қаласа!» -деп әрдайым жауап береді екен. Күндердің күнінде әлгі адам баласын үйлендіріп асабаны той басқаруға шақырады. Тойды асаба бар өнерін салып, думандатып, қызықты өткізеді. Асаба той иесіне келіп: «Ал аға! Той бітті. «Той істесем бір атынды ұмытып кетпе!»-деп ылғи айтатын едініз. Атаған атынызды берініз енді!» -депті. Сөйтсе той иесі оған: «Қайдағы ат? Мен саған «Той істесем «братынды», ағанды, ұмытып кетпе!»-дегенмін. Қызметіне рахмет. Жұрттан алатын 10 000 тенген мынау дайын»- депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу