Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  153


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әй, гигәй, көкем

Тігеді шебер көйлек, ей, бойға салмай,
Айтады ақын өлең ойға салмай.
Әй, гигәй, көкем.

Өлеңді мұнда айтпаған, ей, қайда айтамыз,
Үкілеп жал-құйрығын тойға салмай.
Әй, гигәй, көкем.

Көрінбей бір күнгідей, ей, дүние өтеді.
Қолынан оймақсыздың ине өтеді.
Әй, гигәй, көкем.

Барында оралыңның, ей, ойна да күл,
Түбіне бұл жалғанның кім жетеді.
Әй, гигәй, көкем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу